Павлодар Техника-экономикалық колледждің тарихы

«Павлодар техника-экономикалық колледж» мекемесі 1997 жылы құрылған.  
Мамандықтарды даярлау келесі мамандықтар арқылы жүзеге асырылады:

  1. 0518000 «Есеп және аудит» (сала бойынша)
  2. 0516000  «Қаржы» (сала бойынша)
  3. 1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамсыздандыру»
  4.      1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану».

 

Облысқа колледжден сыйлығы
2003 жылдың Жаңа жылды қарсаңында облыс және қала үшін айтулы уақиға болған еді Павлодар техника-экономикалық колледжі Султанов атындағы облыстық ауруханаға өзінің ғимаратын елеусіз сыйға тартқан болатын. «Менің ойымша осындай сыйлық болу мүмкін емес...» - деп айтқан болатын облыс әкімінің орынбасары Р.Жумабекова.

Колледждің жетістіктері
Павлодар техника-экономикалық колледжі 15 жылдан астам қызмет атқарады және қызмет ету барысында осында өзінің дәстүрлері қалыптасқан болатын. Жылсайын колледж оқушылары республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларына белсене қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
2009 жылы «автомеханик мамандығы бойынша үздігі» атты облыстық кәсіптік сайыста колледж оқушысы Юрий Войцеховский жеңімпаз болған еді.

2013 жылы «Автомеханик үздігі» атты кәсіптік сайыста Анатолий Липгард 2 орынға ие болды.

Колледж оқушысы Виталий Коваленко акробатикадан кәсіптік спортпен шұғылданып келесі жүлделі орындарға ие болаған:
- акробатикадан әлем Чемпионатының Қола жүлдегері (2010ж., Бельгия);
- ҚР Чемпионатында үш 1 орындар және бір 2 орын;
- Халықаралық турнирде екі 1 орынға және бір 3 орынға ие болған;
- ҚР Кубогінде – 2 орын.


Кәсіптік білім беруді дамуына үлес қосқаны үшін арнайы пәндерінің оқытушысы Самойленко Галина Александровна Павлодар облысының Департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.
Арнаулы пәндерінің оқытушысы қазіргі таңда Павлодар Техника-экономикалық колледждің директоры Н.А.Салий 2006жылы облыстық сайыста «Орта және кәсіптік білім беру оқу орындардағы үздік оқытушысы» атанған болатын. 2005 жылы информатика оқытушыларының «Алтын диск атты» алғашқы республикалық сайыста 2 орынға ие болды. Сонымен қатар «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»  облыстық сайыстардың бірнеше рет жеңімпазы болған еді. 2010 жылы ҚР білім беру жүйесінің дамуына жеке үлесін қосқаны үшін ҚР білім және ғылым министрлігінен алғыс хатпен марапатталған болатын.

Павлодар гуманитарлық колледждің тарихы

         Павлодар гуманитарлық колледжі 1999 жылдың 14 қазанда  құрылды. Тіркелу  туралы  куәлігі 13.04.1999  жылы берілген. Оқушыларды қабылдау 2000 жылдан бастап жүргізіледі. Қазақстан  Республикасы білім  және ғылым  министрлігі Лицензиясы № 0024596  29.08.2008 жылы берілді.Келесі  мамандықтар бойынша білім  қызметінің №0108266 28.05.2010   қосымшасы:
1. 0104000 «Кәсіптік  оқыту  (салалар  бойынша)».
2. 0601000 «Стандарттау,  метрология және  сертификаттау (салалар  бойынша)»  .
3. 0201000 «Құқықтану».
 Колледждің қызмет ету барысында өзінің дәстүрлері қалыптастырып, жылсайын келесі мерекелік іс-шаралар өткізіліп отырады:

  • Республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, жүлделі орындарға ие болған колледж оқушыларының қатысуымен жылсайынғы колледжішілік ғылыми-практикалық конференция өткізіледі;
  • 2010 жылы мамыр айында Жеңістің 65 жылдығына арналған бір ай бойы соғыс және еңбек ардагерлері шақырылуымен үлкен мерекелік концерт, сайыстық сынып сағаттар, оқушылардың шығармашылық көрмесі, Жеңіс күніне арналған плакаттардың сайысы, мерекелік қабырға газеттері және т.б. 
  • Ата-аналар мен колледж студенттерінің шақырылуымен жылсайынға мерекелік іс-шаралар «Мамандыққа арналған кеш», «Студенттерге арналған кеш» өткізіледі;
  • 2011 жылы мектеп өкілі, «Нұр Отан» жастар партиясының, жастардың еңбек биржасының өкілдерінің шақырылуымен «Мамандықты дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кілті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
  • Ж.Аймаутов атындағы облыстық драм театрдың әртістерін және словян орталығының өкілін шақыруымен 2008 жылы тіл мерекесіне өткізген болатын.

Фортепиано сыныбы бойынша музыкалық мектепті бітірген колледж оқушысы Анастасия Дмитриенко өлеңдер жаза бастап «Серебрянные струны» атты шығармашылық авторының клубтың мүшесі болды.  2012 жылдың ақпан айында Алматы қаласында «Зимний аккорд» халықаралық авторолық өлеңдерінің фестивалінде қатысып соның нәтежиесінде «Бард со школьной скамьи» номинациясы бойынша 1 орынға және «Поэтическая» номинациясында 3 орынға ие болды. Кейінірек, сәуірдің 6 Настя Астана қаласындағы Республикалық авторлардың шығармашылық фестиваліне қатысқан болатын.  
Колледж оқушысы Тянь Юрий 2011 жылдың қараша айында акробатикадан ҚР Кубігі үшін жарысқа қатысып 2 орын алды.
Савиных Александр колледжде оқып жүрген кезде кәсіби спортпен шұғылданып биатлоннан спорт шеберінің үміткеріне ие болды. 2012 жылы наурыз айында шаңғыдан Республикалық жарысқа қатысып 1 орын алған, биатлон бойынша Республикалық жарыста 2 орын алды. (2012ж. маусым айы). ПР 12-9-1 тобының оқушысы А.Андреенко 2014жылдың қараша айында облыстық күзгі марафонда 2 орынға ие болды.
Павлодар гуманитарлық колледждің оқытушылары Сагит Аукенович Сабитовпен Адильхан Бейсенович Батталов 2011 жылдың қараша айында «Современная правовая политика: проблемы и тенденции ее развития» ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып 2 орынды иеленді. Жылсайын колледж оқытуышларымен студенттері ғылыми-практикалық конференциясына қатысып жүлделі орындарға ие болуда. 
Кәсіптік білім беруді дамуына үлес қосқаны үшін арнайы пәндерінің оқытушысы Самойленко Галина Александровна және колледж директоры Адильхан Бейсенович Батталов Павлодар облысының Департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.