ЖАСТАР САЯСАТЫ

Колледжде жастар саясаты аумағында мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, ол келесі бағыттарда жұмыс істейді:

1.«Жас-Отан» - «Нұр-Отанның» жастар қанаты, болашақ ұрпақтардың азаматтық-отансүйгіштік көзқарасын, құқықтық және саяси аспектілерді тәрбиелеу мақсатында жұмыс атқарады. Бұл бағыттың төрайымы УиА 13-9-1 тобының оқушысы Касимова Зарина.

«Жас-Отан» жастар қанатында 1,2,3 курстардың оқушылары белсенді саяси көзқарасты ұстанады. Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Жас-Отан» жастар қанатында мәжілістер ай сайын айдың бірінші жартысында өткізіледі. Семинарларда, конференцияларда қатысу фото есептер, талдаулар мен хаттамалар түрінде тіркеледі. «Нұр-Отанның» қалалық басқармасымен үздіксіз байланыс жүргізіледі.

2. Тағы бір бағыт старостат болып табылады. Бұл құрылымның жұмысы оқушылардың өзін ұйымдастыруға, колледж топтарын әлеуметті белсенді өмірге тартуға, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылауға, мәлімдемелер толтыруға бағытталған. Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес старостат мәжілістері ай сайын айдың бірінші жартысында өткізіледі. Хаттамалар жазылады. Жыл сайын старосталар арасында «Үздік староста» конкурсы өткізіледі, оған оқушылар белсенді түрде қатысады.

3. Болашақ ұрпақтың шығармашылық әрекетін дамыту жеткіншектік мерзімнің ауыр кезеңінің алдын алуға мүмкіндік береді. Колледж «Активі» осы жұмысты ұйымдастырады. Студенттер колледждегі және колледжден тыс өткізілетін шараларға белсенді қатысады. Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Актив» мәжілістері ай сайын айдың бірінші жартысында өткізіледі. Жыл сайын өткен оқу жылының қорытындылары жүргізіліп, естелік сыйлықтар, құрмет қағаздары, алғыс хаттар беріледі.