Павлодар техника-экономикалық колледжінде, сіз «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша бітіріп, техник-бағдарламашы біліктілігін ала аласыз.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Біліктілік: техник-бағдарламашы

Оқу мерзімі: 11-сын. – 2 жыл 10 ай; 9-сын. – 3 жыл 10 айға негізделген.

Мамандықтың біліктілік сипаттамасы

Техник - бағдарламашы деректер орталығында, түрлі министрліктерде, департаменттерде, кәсіпорындарда, фирмалар мен коммерциялық құрылымдарда ақпаратты өңдеу бөлімдерінде жұмыс істеуге болады.

 

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: Техник-бағдарламашы EC-да, түрлі министрліктерде, департаменттерде, кәсіпорындарда, фирмалар мен коммерциялық құрылымдарда ақпаратты өңдеу бөлімдерінде жұмыс істеуге тағайындалады.

Қызметінің түрлері: деректер базасын және ақпараттық-іздестіру жүйесін құру және техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламаларды дамыту, орта және кәсіптік-техникалық білім саласында информатика және бағдарламалауды оқыту, ғылыми және экономикалық міндеттерге бағдарламаларын құру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып стандартты бағдарламалық қызметті қолдану.