Бұл бетте Павлодар техника-экономикалық және Павлодар гуманитарлық колледжінің барлық мамандықтары көрсетілген.

 

 

Мамандықтардың біліктілік бойынша сипаттамасы:

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Біліктілігі: техник – бағдарламашы.
Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-2ж.10ай; 9-сынып негізінде – 3ж.10 ай.
Техник –бағдарламашы есептеу орталықтарында, әртүрлі министрліктердің ақпараттарды өңдеу бойынша бөлімінде, департаменттерде, кәсіпорындарда, фирмаларда және коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеуге даярланады.

 

«Есеп және аудит»

Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-1ж.10ай; 9-сынып негізінде – 2ж.10 ай.
Біліктілігі:
-есепші– меншік түріндегі құқықтық әртүрлі ұйымдардың қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің есебін жүргізу.
-есепші–ревизяшы– кәсіпорындар мен қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің бақылау және ревизия есебін жүргізу.
-шаруашылық қызметінің талдауы және бухгалтерлік есебі бойынша экономист– қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің есебіне, кәсіпорындар мен ұйымдар іс-әрекетінің нәтижелерінің бақылауына және талдауына есеп жүргізеді.

 

«Қаржы» 

Біліктілігі: қаржы қызметі бойынша экономист
Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-1ж.10ай; 9-сынып негізінде – 2ж.10 ай.
«Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған түлегіміз банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық фондтарда және барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың (ұйымдардың) қаржы қызметінде кәсіби түрде жұмыс істей алады.

«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Біліктілігі: техник – механик.
Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-2ж.10ай; 9-сынып негізінде – 3ж.10 ай.
Осы мамандық бойынша аяқтаған түлегіміз кез келген автокөліктік және автокөлікті жөндеу және ТҚС (СТО) жұмыс істей алады. Автокөлікті жөндеу бойынша шеберхана ашып, жеке жұмыс жасай алады.

 

«Стандарттау, метрология және сертификаттау»

Біліктілігі: стандарттау технигі.
Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-1ж.10ай; 9-сынып негізінде – 2ж.10 ай.
Мамандық мынандай жұмыстарда қызмет жасау үшін даярланады:
-  кәсіпорындарда шығарылған тауарлар сапасын қамтамасыздандыру бойынша;
-   сауда жасауда кеңесші және аудитор, тұтынушылар тауарларының мемлекеттік инспекторы қызметі бойынша.

 

«Құқықтану» 

Біліктілігі: заңгер
Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-1ж.10ай; 9-сынып негізінде – 2ж.10 ай.
Осы оқу орнын аяқтағаннан кейін түлектеріміз соттарда, нотариалдық кеңестерде, салық жүйесінің мекемелерінде, әділет басқармасында, ішкі істер мекемесінде және прокуратурада, сонымен қатар, кәсіпорындарында, ұйымдарда, мекемелерде және қоғамдық бірлестіктерде жұмыс жасай алады.

 

«Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)», «Есептеу машиналарына» мамандандыру

Біліктілігі: есептеу машиналары бойынша техник–электронщик, өндірістік оқыту шебері.
Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде-2ж.10ай; 9-сынып негізінде – 3ж.10 ай.
Осы оқу орнын аяқтағаннан кейін өндірістік оқыту шеберлері болып жұмыс жасай алады; кешендер мен жүйелерде, есептеу машиналарын шығару саласында өндірістік-технологиялық, өндірістік-басқармалық, құрылымдық, тәжірибелі-экпериментті жүйелерін жүзеге асыра алады.


 

 

Басқа материалдар:

Қабылдау ережелері

Колледж туралы видео