ЖАҢАЛЫҚТАР

Көптілділік-бұл сәнді көрінеді

20 қыркүйек күні техника-экономикалық және гуманитарлық колледждерде Қазақстан халқының тілдері айлығының шеңберінде "Көптілділік-бұл сәнді көрінеді" айдарлы шара өткізілді. Әрбір тіл-бұл тұтас әлем. Тіл-халықтың тірліктегі жаны, оның қуанышы, дерті, есі, қазынасы. Шараға бірінші курс студенттері қатысты. Шара тұтастай алғанда маңызды, қызықты және ұйымдасқан түрде өтті. Барлық студенттердің жоғары белсенділігін, командада жұмыс істеуге деген құштарлықтарын атауға болады. Шара өтіп жатқан уақытта жағымды эмоциялық көңіл күй байқалды.

Сұлтанмахмұт әлем

Қалалық кітапханада С.Торайғыровтың 125 жылдығына арналған "Сұлтанмахмұт әлемі" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Конкурсқа 3 курс студенті Турабов Медет қатысып, "Сөз шеберi' номинациясы бойынша аталып өтті.

"Денсаулық күнін"

Қазақстан Республикасы Президентінің «Стратегия «Казахстан-2050» Жолдауында «ұлт денсаулығы» біздің табысты болашағымыздың негізі ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес, «Денсаулық - тек аурудың немесе ағза кемістігінің болмауы емес, ол толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатының жағдайы болып табылады». 14 қыркүйек күні Павлодар гуманитарлық, техника-экономикалық колледжінің студенттері "Денсаулық күнін" таза ауада ойнап, көңілді және конкурстарға қатысып өткізді,балалар үйге бақытты оралды!

"Рухани жаңғыру"

ППавлодар Гуманитарлық және Техника-экономикалық колледждерінде 2018 жылы 7 қыркүйек күні колледж қабырғасында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. «Рухани жаңғыру» кабинетін ашу мақсаты Қазақ халқының салт-дәстүрлерін терең зерттеу арқылы балаларға арналған білім беру, елге деген сүйіспеншілікті, жас ұрпақтың патриоттық сана-сезімін қалыптастыру болып табылады. Павлодар Гуманитарлық және Техника-экономикалық колледждері, «Рухани Жаңғыру» кабинетін ашқан алғашқы мемлекеттік емес колледждердің бірі. Мерекенің құрметті қонақтары болғандар: Калиева А. Ж.- Павлодар облысы ТжКБ бойынша Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Каржаубай Д. С., Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының маманы, Байдельдинова А. А., «Трамвай басқармасы» АҚ өкілі, Серикбаев М. Е., «Казстройпроект ПВ» ЖШС маманы, Елеукенова Б.Т., еңбек ардагері, көп балалы ана, Даржуманова У. М.- Павлодар облысы бойынша қайырымдылық және денсаулық Халықаралық Қорының директоры, Лодочников А.- 100 жаңа тұлғалар жобасыныңы жеңімпазы. Әкімшілік және педагогикалық ұжым экспонаттары бар бөлме ғана емес, білім беру, зерттеу және іздену-зерттеу жұмыстары жүргізілетін, дамытушы кабинет жасады.

Бірінші қыркүйек күні

Бірінші қыркүйек күні Павлодар Гуманитарлық және Техника-экономикалық колледждерінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеу өтті. Тілектерімен, құттықтау сөздерімен және жаңа оқу жылына арналған жоспарлар туралы Гуманитарлық коллледждің директоры Батталов А.Б. пен Техника-экономикалық колледждің директоры Жумадилова Г.А. сөз сөйледі.

"Рухани жаңғыру"

Павлодар Гуманитарлық және Техника-экономикалық колледждерінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші бағдары аясында «Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі жаңа 100 оқулықта» айдарлы дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек столға қатысушылар 18 аударма оқулықтармен толық танысуға мүмкіндік алды. Кездесу барысында болашақта осы оқулықтарды қолданып білім алатын оқушылар сөз сөйледі.

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын халықаралық еске алу күні

31 мамыр 2018 жылы Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледж студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шараға қатысты және мемориалға гүл мен гүл шоқтарын қойған қала халқына қосылды.

XV колледж ішіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция

29 мамыр 2018 жылы Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледжінде «Болашаққа қадам» айдарымен XV колледж ішіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, оған халықаралық, республикалық, аймақаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар қатысушылары және қашықтық олимпиада лауреаттары, жыл соңындағы қорытынды бойынша анықталған жүлдегерлер қатысты. XV колледж ішіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция, колледж конференциясының негізін қалаушы Лапина Ирина Алексееваны еске алуға арналды. Конференция қонақтары ішінде Инновациялық Еуразия университетінің өкілдері Людмила Давыденко мен Елена Стародубцева, Майба Надежда - «Майдан жолы» мүшесі және Темірғалиева Маржан Жанатқызы - Павлодар көлік прокуратурасының прокуроры болды. Конференцияда жыл шаралары қорытындыланды, жеңімпаздар, конференцияға, олимпиадаға қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен аталып өтілді. Іс-шараларға белсенді қатысқандар жоғары деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияға одан әрі қатысу үшін бастама алды. Ерекше алғысты тәлімгер мұғалімдерге айтқым келеді, өйткені, бұл олардың еңбектерінің жемісі болып табылады. Біздің конференцияны ғылым мерекесі деп атауға болады, өйткені, колледж студенттері әртүрлі міндеттерді шешуде өздерінің дербес зерттеу нәтижелерін көрсетті.

2018 жылдың ең үздік старостасы

Жиырма төртінші мамырда Техника - экономикалық және Гуманитарлық колледжде «2018 жылдың ең үздік старостасы» айдарлы старосталар сайысы өткізілді. Байқауға барлық мамандықтар бойынша бірінші курс студенттері қатысты. Қатты бәсекелестіктің нәтижесінде, өздерін көрсете білуде, таланттарын көрсетуде, Гуманитарлық колледж бойынша ең үздік староста болып СМС 17-9-1 тобының старостасы Пескишева Валерия және Техника -экономикалық колледжінің УиА және Ф 17-9-1 тобының оқушысы Шибитова Юлия болды. Сондай-ақ, колледж президентін сайлау қорытындысы шығарылды. Көпшiлiк дауыспен СМС 17-9-1 тобының оқушысы Алисултанова Петимат жеңіп шықты.

Әскери Даңқ бұрышын ашу

3 мамыр күні Павлодар Гуманитарлық және Техника-экономикалық колледждерінде салтанатты түрде Әскери Даңқ бұрышы ашылды. Көрменің негізін «Батырлар жолымен - Дорогой славы» Еуразиялық топ (ERG) халықаралық патриоттық жоба шеңберінде өткізілген Павлодар барлау ғылыми-зерттеу «Майдан жолы» тобының құрамында Ресей Федерациясының Новгород облысында Старо-Русский ауданында «Вахта памяти-2017» қатысқан колледж студенттері Бактаев Тимур мен Зуев Алексейдің тауып әкелген заттары құрайды. Және педагогикалық қызмет ардагері Лапина Ирина Сергеевнаға арналған экспозиция жеке бөлінген. Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының 5512 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері, тәжік-ауған шекарасындағы жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстардың Павлодар облысы мен Павлодар қаласындағы Одағының мүшелері, тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік әрекеттерге қатысқандар және Павлодар «Майдан жолы» барлау ғылыми-зерттеу тобының мүшелері қатысты. Ашылуда колледж директоры Батталов Әділхан Бейсенұлы мен барлау қозғалысының ардагері Людмила Асеева сөз сөйледі. Колледждің Жауынгерлік Даңқ бұрышын ашу құметі Асеевa Людмила Ивановна мен тәжік-ауған шекарасындағы жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстардың Павлодар облысы мен Павлодар қаласындағы Одағының төрағасы Козак Геннадий Семеновичке берілді. Ашылудан кейін колледждің акт залында колледж студенттері мен оқытушылары ұйымдастырған Жеңіс күніне арналған концерт өтті. Дәстүр бойынша, аталары мен әжелері әскери ордендер мен медальдармен марапатталған колледж студенттеріне марапат құжаттардың көшірмелері табыс етілді.

Жаңалықтар

19 сәуір 2018 ж. Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерінің студенттері Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінде өткен студенттердің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жүзеге асыру жолдары» Х облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысты. Конференцияға шамамен 10 студент белсене қатысты. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша колледжден жеңімпаздар болып танылды: 2 дәрежелі диплом - Рудик В, 1 курс (жетекші: Бойков Н.Г.); Конференция қатысушылардың басқалары сертификаттарға ие болды.

Білім мен ғылым интеграциясы–болашаққа нық қадам

12 сәуір 2018 ж. Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерінің студенттері Инновациялық Евразия университетінде өткен студенттердің «Білім мен ғылым интеграциясы–болашаққа нық қадам» XLIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысты. Конференцияға шамамен 40 студент белсене қатысты. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша колледжден жеңімпаздар болып танылды: 3 дәрежелі диплом - Бекова Айнура, 1 курс (жетекшісі: Каримжанова Р.); 3 дәрежелі диплом - Мурзабеков Д, 3 курс (жетекшісі: Батталов А.Б.); 3 дәрежелі диплом - Турабов М, 2 курс (жетекшісі: Кенжина А.С.); 3 дәрежелі диплом - Турсунгали К, 3 курс (жетекшісі: Самойленко Г.А. ) Конференция қатысушылардың басқалары сертификаттарға ие болды.

Еріктілер жұмысы

7 сәуір күні Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерінің еріктілері Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында Павлодарское селосының бағын тазалау мен қалпына келтіру бойынша қайырымдылық шарасын өткізді.

Ғылыми жұмыс

Сондай-ақ осы күні Е.Бекмаханов атындағы ПМПИ ғылыми кітапханасының базасында «Кітап және оның ақпараттық қоғамдағы рөлі» секциясында «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім беру және ғылымның сапасы» атты студенттік XIV конференцияның шеңберінде Павлодар техника-экономикалық колледжінің 4 курс студенті Дорн Андрей ағылшын тілінде баяндама жасап ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Р.Т. Әбішева. Конференцияға қатысушыларды лайықты наградаларымен құттықтаймыз!

2018 ж. 6 сәуірде Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледж студенттері Инновациялық Еуразия университетінің колледжі өткізген студенттердің «Қазақстан - мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының негізі» айдарлы ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның «Мемлекет теориясы негіздері және құқық» бағыты бойынша белсене қатысты, конференция зерттеу жұмыстарын насихаттау және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, студенттердің назарын ғылыми шығармашылыққа аударуға және өндірістік оқытудың зерттеу жұмысын жандандыру бағытталған. Конференцияға 30-дан астам студенттер белсене қатысты. Колледж бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеп жеңімпаз атанғандар: 3-дәрежелі диплом - Полина Филатова және Тыслюк Кристина, 3 курс (жетекшілері: Батталов А.Б.,Сабитов С .А. ) 3-дәрежелі диплом - Исенова Диана, Турабов Медет, 3 курс (жетекшісі: Кенжина А.С.); 3-дәрежелі диплом - Пескишева Валерия, 1 курс (жетекшісі: Бойков Н. Г.) 3-дәрежелі диплом - Бекбулатова Жадра, 1 курс (жетекшісі:) Конференцияға қатысушылардың барлығы қатысушының сертификаттарын алды.

Наурыз

Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерде Наурыз мейрамына арналған салтанатты шара өтті. Студенттер өздерінің киіз үй-кабинеттерін безендіруге және жабдықтауға белсене қатысты. Іс-шара конкурс түрінде болғандықтан, қазылар әр топтың күш-жігерін жоғары бағалады.

Ғылыми жұмыс

2018 жылы 23 ақпанда Инновациялық Еуразия университетінің колледжі өткізген «XXI ғасыр студенттерінің ақыл-ойы: мүмкіндіктерін іске асыру, болашағы» III аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға Техника -экономикалық және Гуманитарлық колледждерінің студенттері қатысты. Бұл конференция колледж студенттерінің ғылыми жұмыстарды насихаттау бойынша жұмысын белсендіруге, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, оқытушылар мен жаттықтырушылардың басшылығымен жұмыстан тыс уақытта ғылыми-зерттеу және ізденіс жұмыстарына студенттердің назарын аударуға бағытталған. Конференцияға қатысу үшін келесі бағыттар бойынша 38 студент белсенді қатысты: 1) тарих және мәдениет секциясы 2) филология пәндерінің секциясы 4) құқықтық пәндер секциясы 5) дене шынықтыру секциясы. Колледж бойынша жеңімпаздар: 3 дәрежелі диплом - Пророк Вадим, 3 курс (жетекшісі: Сабитов С.А.); 2 дәрежелі диплом - Айтқазы Айнұр, 1 курс (ғылыми жетекші: Р. Каримжанова); 3 дәрежелі диплом - Пескишева Валерия, 1 курс (жетекшісі: Бойков, Н.Г.); 2 дәрежелі диплом - Бекбулатова Жадыра, 1 курс (жетекшісі: Сүлейменова Г.С.). Конференцияға қатысушылардың барлығы конференцияға қатысушылардың сертификаттарын алды. Конференция жеңімпаздарының ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 23 ақпанында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі шет тілінде колледж студенттері арасында «Жеке тұлға және қоғам шығармашылығын дамыту» V Аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға Павлодар облысы, Астана, Семей, Екібастұз, Ақсу, Новосібір облысының Қарасуық педагогикалық колледждерінің студенттері қатысты. Мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, оқушылардың тілдерді үйренуге қызығушылығын жоғарылату және өзін-өзі жетілдіруге ықпал ету. «Лингвистика» секциясында Павлодар Техника-экономикалық колледжінің студенті Дорн Андрей мен «Елтану» секциясы бойынша Гуманитарлық колледждің 1-ші курс студенті Илющенко Даниил екінші орынды иеленді. Жетекшісі - ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Абишева Р.Т. Конференцияға қатысушыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні

Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерде Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай «Батылдық пен құтқарушылық сабағы - батырларымыз есімізде» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ауғанстандағы соғысқа қатысқан алғашқы әскери дайындық мұғалімі Бойков Николай Геннадьевич студенттерге соғыс туралы айтып берді.

АҚТҚ / ЖҚТБ-ның алдын алу

2018 жылдың 13 ақпанында Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерде 1,2,3 курстар арасында АҚТҚ / ЖҚТБ алдын-алу туралы дәріс өткізілді.

Жақсылық жаса

2018 жылдың 8 ақпанында Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерде «Рухани жаңғыру» - Дари Добро атты шара өтті. Іс-шара дөңгелек үстел түрінде өтті және оған бірінші курс студенттері белсенді қатысты.

Мұражайға экскурсия

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 1 ақпанында Павлодар Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерінің студенттері Павел Васильевтің мұражайында болды, онда «20-ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Біліктілік көтеру

Гуманитарлық және Техника-экономикалық колледждердің оқытушылары екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 23 қаңтарда салтанатты рәсімде барлығы сертификаттар алды.

1 қыркүйек

Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждерінде ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, «Мен – өз елімнің Патриотымын» айдарлы салтанатты сап өтті. Сапқа колледж бітіргендер, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері шақырылды.

02.09.2016 г.

Конференция жеңімпаздары!!!

08.04.2016 жылы Павлодар Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған ҚР ҒАМ «Ғылым мен білім интеграциясы– болашаққа қадам» тақырыбына өткен XLII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияға екі колледжден 35 адам қатысты.

Конференция жеңімпаздары

  1. Анкабаев Мухамадияр ПР 13-9-1-2 дәрежелі Диплом
  2. Бочкарева Инна УиА 13-9-1-2 дәрежелі Диплом
  3. Ефремова Александра ПР 14-9-1-3 дәрежелі Диплом
  4. Досанова Айжан Уиа 13-9-2- 3 дәрежелі Диплом
  5. Дюсенова Гульмира УиА 13-9-1- 3 дәрежелі Диплом
  6. Королева Евгения ПР 15-9-2-3 дәрежелі Диплом

Ғылыми жетекшілері Батталов А. Б., Асаимова К. С.., Букваева Г. И., Доскендирова Г. Т., Сулейменова Г. С., Кайрыккызы А., Черевко Н. Н., Костырева Н. В.

08.04.2016 г.

Педагогикалық оқулардың жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

Павлодар гуманитарлық колледжінің директоры Батталов Адильхан Бейсенович «Өрлеу» біліктілік көтеру институты базасында 2 –ші облыстық педагогикалық оқуларға қатысты. Конференцияның қорытындылары бойынша ол 2 деңгейлі дипломмен марапатталды.

07.04.2016 ж.

"Бізден басқа ешкім де..."

ПР 15-9-1 және ПР 15-9-2 тобының оқушылары Тәжік-Ауған шекарасында опат болған қазақстандық әскери қызметкерлеріне арналған митингке қатысып гүл шоқтарын қойды. Шара біткен соң Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6679 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері оқушыларды тәртіп сақтау қызметкерлерінің қолданысындағы қару техникасымен және қару жарақтармен таныстырды.

Колледж оқушылары үшін Әскери Даңқ Мұражайында Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыстарға қатысқан ардагерлердің қатысуымен «Бізден басқа ешкім де...» тақырыбына ерлік Сабағы өткізілді. Сабақты мұражай қызметкері Рустем Тыштыков өткізді.

07.04.2016 ж.

Жастар бастамасының даму орталығы

22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай «ЖОБ №28» ММ мектебінде «Наурыз-шашу» атты мерекелік бағдарлама өтті. Кәсіптік бағдар беру бағытында Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждердiң атынан «Абылайхан ауылына», яғни 9 «а»,9 «б» сыныптар 3 орынды иеленіп, сыйлықтар табыс етілді.

04.03.2016 ж.

Жастар бастамасының даму орталығы

Технико-экономикалық және гуманитарлық колледждерінің оқушылары Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері бойынша Басқармасының «Жастар бастамасының даму орталығы» ҚМК өткізген Халықаралық әйелдер күні 8-наурыз және Ауғанстаннан Кеңес әскерлері шығуының 27 жылдығына арналған «Даңқ жолымен» айдарлы шараларына қатысты. Кездесуде Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамында қызмет еткен дәрігерлер қатысты. Кошкарбаева Роза Оралбековна, қатардағы, ә/б пп 37828, ССРО 60-жылдығы атындағы Қызыл тулы Ленин және Кутузов орденді дивизияларының 103-ші гвардиялық әуе-десанттық 175 жеке медициналық батальоны. Ауғанстандағы қызметі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Наушева Айман Шакеровна, қатардағы, ә/б пп 93982, 108-й Невель екі дүркін Қызыл тулы мотоатқыш дивизиясының 100 жеке медициналық батальоны. Ауғанстандағы қызметі үшін «Еңбектегі ерекшелігі үшін» медалімен марапатталған.

 

04.03.2016 ж.

Мамандыққа арнау

Павлодар гуманитарлық колледжінде 17 ақпан 2016 жылы ПР 15-9-2 тобында бірінші курстықтарға арналған «Мамандыққа арнау» шарасы өтті. Шарада бірінші курстықтар құқық аумағындағы мәселелер туралы тақырыптарды қозғады, екінші және үшінші курс студенттері өздерінің шеберлік кластарын көрсетті. Бірінші курстықтарды директор құттықтап оларға жолашар сөз айтты және оларды арнайы пәндер оқытушылары құттықтады. Болашақ заңгерлер ант берді. Шара соңында әрқайсысы «Құқықтану» мамандығына бейімделу туралы сертификат алды..

 

19.02.2016 ж.

Уақыт бізді таңдады

ТОРА 15-9-1, ТОРА 15-9-2 және СМС 15-9-1 топтарының оқушылары Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына 27 жыл толуына байланысты Әскери Даңқ мұражайында өткен «Уақыт бізді таңдады» айдарлы тақырыптық кешке қатысты.

 

19.02.2016 ж.

Ауғанстанда қаза болғандардың ескерткішінің алдында өткен митингке қатысып гүл шоқтарын қойды

ПР 15-9-1 және ПР 15-9-2 топтарының оқушылары Ауғанстанда қаза болғандардың ескерткішінің алдында өткен митингке қатысып гүл шоқтарын қойды және Естай атындағы ҚМС өткен Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына 27 жыл толуына байланысты мерекелік концертке қатысты. Оқушылар №5 ОБМ жауынгер-интернационалистарына арналған Әскери Даңқ мұражайында болды.

 

15.02.2016 ж.

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына 27 жыл толуына байланысты мерекелік концерт

Техника-экономикалық және Гуманитарлық колледждержінде Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына 27 жыл толуына байланысты мерекелік концерт өтті. Шараға Павлодар қаласының қорғаныс істері бойынша Басқармасының Басшысы полковник Николашин Олег Владимирович, Ауған соғысына қатысқан Анатолий Романюк, Николай Бойков және Виктор Фоменко, Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы жанжалға қатысқан Геннадий Козак болды. Концерт кезінде полковник Николашин 1999 жылы туған оқушыларға бірінші әскери есепке қою туралы куәлік берді.

 

12.02.2016 ж.

Біз миллиондаған панфиловшылармыз

ПО(э) 15-9-1 және ПО(э) 15-9-2 топтарының оқушылары Мәскеу үшін күреске арналған «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» Халықаралық еске алу вахтасы шарасына қатысты. Әскери Даңқ мұражайында митинг өткізілді, гүл шоқтары қойылды, оқушылар үшін Ерлік Сабағы өткізілді. Митингте оқу мекемелерінің оқушыларына, оның ішінде полктың Жауынгерлік Туын қорғап қалғаны үшін қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алған аға сержант Елгин Андрей Николаевичтің шөбересі, Гуманитарлық колледждің оқушысы Елгин Кириллге,Павлодар қаласының қорғаныс істері бойынша Басқармасының Басшысы полковник Николашин Олег Владимирович бірінші әскери есепке қою туралы куәлі берді.

 

11.02.2016 г.

Даңқ жолдарымен

Техника-экономикалық және гуманитарлық колледж оқушылары «Даңқ жолдарымен» атты Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына 27 жыл толуына байланысты КМК «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері бойынша Басқармасының өткізген шарасына қатысты.

 

09.02.2016 ж.

в Митинг пен «Казбат» қаза болған әскерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты

ТОРА 15-9-1, ТОРА 15-9-2, УиА 15-9-1 және Ф 15-9-1 топтарының оқушылары Павлодар облысы мен Павлодар қаласының Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы жанжалға қатысқан жергілікті соғыс пен ардагерлер Одағы және Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ұлттық гвардиясының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қатысқан митинг пен «Казбат» қаза болған әскерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты.

 

08.02.2016 ж.

Инновациялық білімдік технологиялар пәндік компетенцияларын дамытуында

25.01-29.01.2016 ж.Павлодар техника-экономикалық және гуманитарлық колледждерінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтімен бірлесіп колледж басшыларымен ұйымдастырған «Инновациялық білімдік технологиялар пәндік компетенцияларын дамытуында» тақырыпта колледж оқытушыларына біліктілікті арттыру курсы отті. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты атынан Маняпова Тина Касым қызы ұсынылды.

Бағдарлама мақсаты педагогикалық тәжірибеге баға беру және педагогикалық тәжірибені дамыту.Қазіргі замандағы тәсілдер оқыту барысында, білім бергенде қолданып жаткан тәжірибе және кәсіптік контекстпен аралас қарастырылуда.

Оқытушылар ұжымымен бірге курсты колледж басшылары СалийН.А.,БатталовА.Б.,үлкен тәжірибелері бар оқытушылар СамойленкоГ.А.,Меньщикова Т.М., Черевко Н.Н., Сабитов С.А., Жакиянова А.К., Баспакова Н.Е., жас мамандарда білім алуда СтативкоК.В, АсаимоваК.С.,СалийК.А. Кусаинова Б.К, Ауталипова Г.С. Біліктілікті арттыру курсында 26 оқытушы болды.

Ұжымда психологиялық климат қызықтырады, сол себепті курстарды жүргізу уақыты жұмыс уақытынан кейін болса да ұжымның коніл-кұйі жоғары денгейде болды. Уақытша барлықтары студенттік кезге қайта оралғандай болды.Біз Қазақстан Республикасында оқытушылар біліктілікті арттыру бағдарламасынын модульдері бойынша кинометафора методін, заманауй сабақты жургізу техникасын, шетелдік білім беру сапасымен салыстыруын оқыдық. Оқытушылар ұжымы колледждер басшыларына алғыстарын айта отырып, Маняпова Тина Касым қызына шығармашылық жұмысы үшін ерекше алғыстарын білдірді. Меңгерген білім біздермен тәжірибеде қолданылады, сөйтіп сабақтарда берілетін материал қызығушылығын одан әрі арттырып, оқыту процесінің сапасын жоғарлатады.

29.01.2016 ж.

ҰОС жылдарында Павлодар облысындағы көшпелі госпитальдары мен қан тапсыру шаралары

Колледж оқушылары үшін Әскери Даңқ мұражайында «ҰОС жылдарында Павлодар облысындағы көшпелі госпитальдары мен қан тапсыру шаралары » тақырыбына өлкетану сабағы өтті. ВОВ». Сабақты мұражай қызметкері Рустем Тыштыков өткізді.

 

25.12.2015 ж.

Ертіс өңірінің батырлары

Колледж оқушылары Бірінші Президент күні мен Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған "Ертіс өңірінің батырлары" жобасы бойынша қорытынды шараға қатысты. Шара Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті мен Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірге өткізілді. араға Кеңіс Одағының батырлары мен Даңқ Орденінің Кавалерлерінің туыстары қатысты.

 

26.11.2015 ж.